Болгарияда жүк көлігінде 18 мигрант тұншығып өлді

Болгарияда жүк көлігінде 18 мигрант тұншығып өлді
сурет:focus.ua

Автокөліктің артында 40-қа жуық мигрант заңсыз тасымалданған.

Болгарияда жүк көлігінде өлі күйінде табылған 18 мигрант ауа жетпей тұншығып көз жұмған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz focus.ua агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы айларда Балқан елі заңсыз иммигранттар ағынына тап болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, автокөліктің артында 40-қа жуық мигрант заңсыз тасымалданған. Олар ағаш салынған купеде жасырынған. Мигранттар жол-көлік оқиғасынан қайтыс болмаған. Ауа жетпей, тұншығып көз жұмған. Қазір тірі қалған 34 адам, олар өздерін ауғандықтармыз деп таныстырған. Ұлттық тергеу қызметі жауап алуда. Олардың кейбіріне тиісті медициналық мекемелерде медициналық көмек көрсетілуде», - деді ІІМ өкілдері.

Локорско ауылының маңында, София астанасынан шамамен 20 км қашықтықта тұрған жүк көлігін жергілікті тұрғындар тауып, полицияға хабарлаған. Тірі қалған жолаушылар ауруханаға жеткізілген.  Контрабандистер іздестірілуде. Қайғылы оқиға орнында Ұлттық тергеу қызметінің 10 тергеушісі, прокурорлар мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.