Бокстан Азия чемпионатына кімдер қатысатыны белгілі болды

Бокстан Азия чемпионатына кімдер қатысатыны белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөз

Құрлықтық дода 30 қазанда Иордания астанасы Амман қаласында жалауын көтереді

Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрлықтық дода 30 қазанда Иордания астанасы Амман қаласында жалауын көтереді.

Қазір ел құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Айзада Мүптілда ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды.