Тағы бір қазақ жігіті жартылай финалға шықты

Тағы бір қазақ жігіті жартылай финалға шықты
Сурет: Inform.kz

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өзбекстандық Руслан Абдуллаев жүлдеге ілікті. 

Қазақ жігіті 63,5 келіге дейінгі салмақта франциялық Лунес Амрауимен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің төртеуі жеңісті Руслан Абдуллаевқа берді.

Осылайша, жартылай финалға өткен Руслан Абдуллаев кемінде қола медаль алады.

Ол финалға шығу үшін олимпиада мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, армениялық Оганес Бачковпен таласады.

Бұдан үш-төрт жыл бұрын Руслан Абдуллаев Қазақстанға келіп, ел құрамасына ілігуді мақсат еткенімен, ол ойы орындалмай, Өзбекстанға қайтып кеткен еді.

Осы чемпионатта Өзбекстаннан Хасанбой Дусматов (51 кг) пен Абдумалик Халоков (57 кг) жартылай финалға өтті.