Бокс ӘЧ: Талғат Сырымбетов жеңіліп қалды

Бокс ӘЧ: Талғат Сырымбетов жеңіліп қалды
Сурет: Ашық дереккөз

Жеңілгенімді мойындаймын

Қазақстандық әуесқой боксшы Талғат Сырымбетов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында Азияның қазіргі чемпионы иорданиялық Мохамед Абу-Джехтен жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Талғат жеңілгенін мойындап, мықтырақ оралуға уәде берді.

«Бүгін, өкінішке қарай, мен жеңіліп қалдым. Төрешілердің шешімі туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі жекпе-жек өтіп кетті. Жеңілгенімді мойындаймын. Барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Келесі жекпе-жектерге одан да күшті және мықты болып ораламын», — деді Сырымбетов.

Әлем чемпионатына алғашқы рет қатысып жатқан боксшымыз 1/16 финалда Азия чемпионы - иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехқа есе жіберді. Осылайша, Талғат әлем чемпионатын аяқтады.