Блинкен қазақ музыкасына қызығушылық танытты

Блинкен қазақ музыкасына қызығушылық танытты
Сурет: ашық дереккөз

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға сапары барысында Қазақ ұлттық өнер университетіне барды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы Америка елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Блинкен қазақ музыкасына қызығушылық танытқан. Оған қазақ халқының мәдениетінде маңызды рөл атқаратын дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы айтып, олардың дыбысталуының ерекшеліктерін көрсетті.

«АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға сапары барысында мәдениет, өнер саласында және қазақ өнерінің дәстүрлі түрлерін жаңғыртуда дарынды мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған Қазақ ұлттық өнер университетінде болды», - делінген сейсенбі күні тараған ақпаратта.

Мемлекеттік хатшыны Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халық әртісі, профессор Айман Мұсаходжаева қарсы алып, қазақ музыкасына ықылас танытып, тығыз жұмыс кестесінде уақыт тауып, университетке келгені үшін алғысын білдірген.