Ресей алтыны санкцияға ұшырауы мүмкін

Ресей алтыны санкцияға ұшырауы мүмкін
Сурет: Ашық дереккөз

Шектеулердің кезекті пакеті

Еуроодақ елдері ресейлік алтынға санкция салуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

 Рейтер агенттігінің мәліметіне сәйкес, 23-24 маусым күндері өтетін саммиттен кейін Еуроодақ елдерінің басшылары Ресейге қарсы шектеулердің кезекті пакетін енгізуді талқылайды. 

Бұған дейін Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары санкциялардың жетінші пакеті әзірленіп жатқанын айтқан еді. Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакеті 3 маусым күні бекітілген болатын.