Бізде Болливуд кино түсіріп жатыр

Бізде Болливуд кино түсіріп жатыр
almaty-akshamy.kz

Мегаполисте болливудтық «Аджис Винаяка филмс» компаниясының «Бандра» деп аталатын кинокартинасының түсіріліп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Әрине, романтикалық бағытта көрініс табатын фильм қыз бен жігіттің махаббаты, сол жолда кезіккен қызық, шыжықтарын бейнелейді. «Бандра» былтырғы қыркүйекте Үндістанда түсіріле бастаған екен. Жалғасы Қазақстанда, оның ішінде Алматы шаһарында түсіріліп жатыр. Жалпы, кино желісіне арқау болған хикаялар осыдан 30 жыл бұрын болған оқиғалар деседі. Соның қазіргі өркениетпен үйлесетін тұстарын біздің мегаполисте түсіруді ұйғарыпты режиссер. Туындыда танымал болливудтық актерлермен бірге біздің елдің өнер өкілдері де ойнап жатқан көрінеді.

Кинокартинаның премьерасы көрерменге биылғы 7 шілдеде ұсынылып, әлем бойынша прокатқа шығады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, болливудтық режиссер қазақтардың қонақжайлылығы туралы лебіз білдірген.

Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ