Бірнеше өңірде жауын-шашын болады

Бірнеше өңірде жауын-шашын болады
Сурет: ашық дереккөз
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

Астанада таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, күннің екінші жартысында облыстың батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз шығысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 

Павлодар облысының бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.