Бірқатар елде WhatsApp қолданушылары жүйедегі ақауға шағымданды

Бірқатар елде WhatsApp қолданушылары жүйедегі ақауға шағымданды
Сурет: Inform.kz

Әсіресе WhatsApp қызметінің іркілісі Нидерланд, Германия, Ұлыбритания, Испания, АҚШ, Ресей мен Францияда көбірек тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы танымал интернет-ресурстардың жұмысын бақылап отыратын Downdetector сервисінің сайтында хабарланды.

Сервис дерегі бойынша, қолданушылар хатты жіберу немесе алу кезінде, сонымен қатар қосымша мен сайт жұмысында қиындықтар туындағанына шағымданды.