Бір айда баспананы сату-сатып алу көрсеткіші 1,6 % артты

Бір айда баспананы сату-сатып алу көрсеткіші 1,6 % артты
Сурет: Ашық дереккөзі

1 бөлмелі пәтерлер көп сатылған

Қыркүйек айында тұрғын үй нарығындағы мәмілелер 1,6% артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 36 241 мәміле жасалды, оның ішінде жеке үйлер – 8 905, көппәтерлі үйлер – 27 336. Тамыз айымен салыстырғанда (35 686) баспананы сату-сатып алу 1,6% артты. Мәмілелер саны бойынша әлі де Астана (6 347) мен Алматы (6 342) қалалары көш бастап тұр. Жылжымайтын нарықтағы ең аз келісімшарт Ұлытау облысында жасалған – 372.

Қазақстандықтарды көбіне көпқабатты үйдегі баспана қызықтырады. Қыркүйек айында олар бойынша барлығы 27 336 мәміле жасалды, бұл жалпы көрсеткіштің 75,4%. 

Бөлмелер санына келсек, қатарынан екі ай бойы 1 бөлмелі пәтерлер көп сатылған. Қыркүйек айында бір бөлмелі 10 163 пәтер ресімделді, олар бойынша сауданың 55,4% Астана және Алматы қалаларына тиесілі. Екі бөлмелі пәтер бойынша 10 083 мәміле жасалды.

2022 жылдың тамызымен салыстырғанда жеке үйлерді сату көрсеткіші төмендеген. Төмендеу динамикасы Қызылорда (-26,7%), Алматы ( -12,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында(-11,3%) байқалды. Жеке үйлер саудасының өсімі керісінше, Шымкент қаласында (+11,6%), Ақтөбе (+9,8%), Шығыс қазақстан (+9,6%), Жамбыл (+7,9%) және Павлодар облыстарында (+8,5%) тіркелді.