Азық-түлікке қазақстандықтар қанша қаражат жұмсады?

Азық-түлікке қазақстандықтар қанша қаражат жұмсады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Сауда кәсіпорындарының тікелей тауар өткізуі 935,8 млрд теңгені құраған.

Бір жыл бұрынғы дерекпен салыстырсақ, онда биылғы көрсеткіш 7,6%-ға көп болып шығады. Биылғы жылдың алғашқы айында қазақстандықтар сауда орындарында 1,17 триллион теңге жұмсаған. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3,7 пайызға көп. Бұл дерек ашық түрде яғни түбіртегімен жасалған саудадан алынған. Бұл туралы HODL телеграм каналы жазды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі – 26,8%, азық-түлік емес тауарлар – 73,2%. Сатудың ең үлкен өсімі жанар-жағармай материалдарын, автомобильдерді, косметика мен гигиеналық тауарларды, фармацевтикалық өнімдерді, киімдерді, сағаттар мен зергерлік бұйымдарды, автомобиль бөлшектерін және былғары бұйымдарын сатушылар арасында байқалған.

Ал өңірлер бойынша есептейтін болсақ, ең көп ақшаны алматылықтар – 31,5%, астаналықтар – 12,4% жұмсаған. Үштікке қарағандылықтар (8,3%) енсе, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары (6,1%) төртінші орынға жайғасқан.

Осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша бөлшек сауда кәсіпорындарының тауарлық-материалдық қорларының көлемі ақшамен 1,59 триллион теңгені, ал сауда күндері – 78 күнді құрайды.