Биылғы кіріс қандай?

Биылғы кіріс қандай?
Сурет: ашық дереккөз

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 272 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлем сомасының 24%-ке азаюымен байланысты. Импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмау себептері ретінде вице-министр Е.Жамаубаев мыналарды атады: импорт көлемінің төмендеуі; ЕЭО елдерінен импорт көлемінің 9%-ке азаюы, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Мемлекеттік бюджетке түскен кірістің сомасы 18,2 трлн теңге болды немесе жоспар 98,6%-ке орындалды. Республикалық бюджетке 12,6 трлн теңгеге жуық қаражат түсті. Жоспар 94,4%-ке орындалды», – деді вице-премьер – қаржы министрі Е.Жамаубаев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жоспардың 100 пайыз орындалмауы негізінен салық түрлеріне байланысты. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы, импортқа салынатын қосылған құн салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық және шикі мұнайға тиесілі экспорттық кеден бажы есебінен қалыптасты.

«Жергілікті бюджет кірісі 109,2%-ға атқарылып, 5,7 трлн теңге болды. Жоспар 478 млрд теңгеге, оның ішінде салық бойынша 425 млрд теңгеге асыра орындалды»– деді вице-премьер.

Айтуынша, Алматы облысынан басқа барлық өңірде кіріс бойынша жоспар асыра орындалып отыр.