Жеңімпаздар Алматыға оралды

Жеңімпаздар Алматыға оралды
Сурет: Kfb.kz

Бокстан 2021 жылғы Азия чемпионатына қатысқан спортшылардың бір тобы Алматы халықаралық әуежайына қайтып оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан бокс федерациясы сайтына сілтеме жасап.

Жеңімпаздар мен олардың жаттықтырушыларын ата-аналары мен достары және Алматы қалалық бокс федерациясы, жергілікті спорт және дене шынықтыру басқармасының өкілдері қарсы алды.

Алматыға қайтып оралған спортшылардың арасында жаңа чемпиондар – Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Фариза Шолтай және күміс жүлдегерлер Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев болды.

Азия чемпионатында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан құрамалары медальдік есепте жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Дубай қаласында қазақстандық спортшылар 8 алтын, 6 күміс және екі қола медаль иеленді.

Команданың басым бөлігі Қазақстанға бүгін ұшып келеді.