4 балдық жер сілкінісі болды

4 балдық жер сілкінісі болды
Сурет: ашық дереккөз

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық Сейсмопрогностикалық мониторинг орталығының мәлімдеуінше, Республика аумағында 13 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:13-те жер сілкінісі болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Зілзаланың эпицентрі елдің Науаи облысына қарасты Хатирчи ауданында орналасқан.

Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендіктің 40,31 градусы; шығыс бойлық - 65,81 градус. Магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 10 шақырым.

Жер сілкінісінің ошағы - Ташкенттен оңтүстік-батысқа қарай 306 шақырым жерде.

Жердің қозғалысы Өзбекстанның 9 ауданына сезілген.