Елдің екі өңірінде сынап бағаналары -35 градусқа дейін төмендейді

Елдің екі өңірінде сынап бағаналары -35 градусқа дейін төмендейді
Сурет: Baribar.kz

"Қазгидромет" алдағы күндердегі ауа райына болжам жасады.

Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым алқабының ықпалында болады. Осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

6 желтоқсанда түнде Қарағанды, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.