Биыл елімізде өткен жылға қарағанда балмұздақ көбірек өндірілген

Биыл елімізде өткен жылға қарағанда балмұздақ көбірек өндірілген
Сурет: Muftyat.kz

Биылғы 5 айда Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді.

 Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда бұл 38,1% артық.

Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 41,3 мың тонна балмұздақ өндірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы ретте 9,2 мың тонна өнім импортталған, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 18,3%. Өзге елдерден балмұздақ жіберетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (5,6 мың тонна), Қырғызстан (2,1 мың тонна) және Түркия (911,5 тонна) кіреді. Сондай-ақ өткен жылы балмұздақ Беларус, Украина, Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және Кореядан әкелінді.

«Өткен жылдың 12 айында 5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Қазақстаннан өнім ТМД елдеріне (4,9 мың тонна), сондай-ақ Моңғолияға (72,6 тонна) жіберілген», - деп жазды ведомстводан.