Биыл балаларға қарсы жасалған қалмыс саны 18 пайызға артқан

Биыл балаларға қарсы жасалған қалмыс саны 18 пайызға артқан
Сурет: Jewelry.kg

Елімізде жыл сайын балаларға қатысты 2 мыңға жуық қылмыс жасалады.

Бұл туралы арламент Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бүгінде балаларға қарсы жасалған қылмыс саны 18 пайызға артқан. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында да қылмыс азаймай отыр. Қазіргі таңда Президенттің тапсырмасына сай құзырлы органдармен бірлесе заң жобасы әзірленіп жатыр.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жазаны қатаңдатуды міндеттеген болатын.

«Көбіне жауапкершілікті көбейту туралы ұсыныстар түсті. Ата-ана, қылмыскер, күдіктілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату қаралып отыр», - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев.