Биыл Алматы әкімдігі көпдеңгейлі автотұрақтар салу бағдарламасын қолға алмақ

Биыл Алматы әкімдігі көпдеңгейлі автотұрақтар салу бағдарламасын қолға алмақ
Сурет: Freepik.com

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған мәселені аудан тұрғындарының бірі көтерді. Оның айтуынша, қаладағы базарлар маңында автотұрақтардың жетіспеушілігі ыңғайсыздық тудырады.

Алматы әкімі бұл сауалға жауап бере отырып, қала бойынша көпдеңгейлі автотұрақтар салынатынын атап өтті.

«Біз қала бойынша көпдеңгейлі автотұрақтарды ашамыз. Паркингтен түсетін кірістер жергілікті бюджетке түседі. Биыл бағдарламаны бастаймыз, орын іздеу жүріп жатыр», -  деді Ерболат Досаев.