Алматылық кәсіби бағдарлаушы адамның қабілетіне сәйкес келетін мамандықты қалай табуға болатынын айтты

Алматылық кәсіби бағдарлаушы адамның қабілетіне сәйкес келетін мамандықты қалай табуға болатынын айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ол мамандық таңдауда неге мән беру қажеттігін айтты.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі коуч, кәсіби бағдарлаушы Альмира Тұрсын қонақта болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында «балаларды ерте жастан кәсіби бағыттаудың ерекше маңызын» атап өтті. Өскелең ұрпақ өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауға барынша саналы түрде қарағандары жөн.

Атап өтетін жайт, қазіргі таңда еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерде 11-сынып оқушылары үшін ҰБТ тапсыру үшін төртінші пәнді таңдау міндеті тұр, соған қарай талапкердің жоғары оқу орнына түсер алдында болашақ бейіні де анықталады. Көптеген мамандықтар арасынан дұрыс бағыт-бағдар алып, өз орнын табу. Кәсіби бағдар беру оқушылардың өмірдегі өз орындарын табуларына көмектеседі.

ӨКҚ модераторының сұрақтарына жауап бере отырып, Альмира Тұрсын баланы қай жастан бастап кәсіби тұрғыда мамандыққа бейімдеу керектігін және мамандыққа қатысты таңдау  жасау  мәселесі қашан туындайтынын айтты.

«Кәсіптік бағдар беру ата-анадан басталады және ол бала өмірге келген кезден бастап, оның дамуына, мінез-құлқына, қабілеттеріне назар аударып, бақылау арқылы қалыптасады. Кәсіби тұрғыда бағдар бермес бұрын, осы нәрселерге мән беруді ұсынамын, ал 4, 10-сыныптарда кәсіптік бағдар беруге жүгінуге болады. Егер ол жүйелі әрі белгілі бір кезең сайын жүргізіліп тұрса, баланың даму динамикасын байқауға болады», – дейді А.Тұрсын.

Маман осындай сұрақтар бойынша 8-11 сынып аралығында психологтан немесе кәсіби бағдар берушіден кеңес алуға болатынын айтты.

Спикер ата-ананың мамандық таңдауда балаға ықпалы қандай болуы керектігін және отбасындағы бір мамандықты жалғастыру династиясына, қатысты ойымен бөлісті. Мұндай отбасыларда мамандық таңдау деген сұрақ туындамайды, себебі ол басынан отбасында таңдалып қойған. Мысалы, дәрігерлер мен полицейлер отбасында балалар ата-анасының мамандығын таңдап жатады. 

«Кейде кейбір мамандыққа адамның бейімі шынымен генетикалық жолмен беріледі, бұл ғылыми дәлелденбеген, бірақ сондай жайттар бар. Оған қоса, аға буынның жинаған тәжірибесі мен білімі бар, ол баланың кәсіби дамуын жеделдетеді және жетілдіре түседі. Бұл жерде баланың өз қалауын бірінші орынға қою маңызды», - деп жауап берді А.Тұрсын.

Егер балаға ата-анасының қалауындай олардың мамандығы ұнаса, династия да жалғасады.

Кәсіби бағдарлаушы Альмира Тұрсын бұл қызметпен 2015 жылдан бері айналысып келеді екен және осы кезге дейін диагностикалаудың ең түрлі деген тәсілдерін қоданған.

«Біріншіден, мен тест жүргіземін, бұл жеке қабілеттерді анықтауға көмектеседі. Тестілеу бағдарламасының өзі ұсынылатын мамандықтардың тізімдерін ұсынады, кеңес беру кезінде біз нәтижелерді талдап, мамандықтарды талқылаймыз. Кейде мектеп оқушылары мамандық жайлы толық білмегендіктен, оны таңдай алмайды. Немесе белгілі бір мамандықтар туралы ештеңе білмейді», - деп түсіндірді А.Тұрсын.

Бала есейе келе оның мамандық таңдауда ойы өзгере берсе, оған таңданудың қажеті жоқ. Дұрысы, кәсіби бағдар беру мектепте, әсіресе оқуға түскенге дейін жүргізілуі керек. Сонымен бірге, ересек өмірде де оның тиімділігі жоғары.

«Университет қабырғасындағы 1-2 курс кезінде, студенттер өз бейінін таңдаған уақытта да кәсіби бағдар беру аса маңызды.  Бұны мансаптың кеңес беру десе болады, ол кәсіби бағдар берудің бір  түрі»,- деп жалғастырды коуч.

Жасөспірімдердің өздерінің таңдаған мамандықтарына немқұрайлы қарауы жиі кездеседі, маман мұндай жағдайда не істеу керектігіне жауап берді. Көбіне мұндай жасөспірімдерде енжарлық байқалады.

«Қазір балалардың қызығушылықтары мен хоббилерін, өмірге деген құлшыныстарын басуға әсер ететін көптеген элементтер бар. Олар сол баяғы гаджеттер, компьютерлік ойындар. Бұл жаңдай жаман деген сөз емес, дегенмен бұл жағдайда бір шара қажет. Мысалы, компьютерлік ойындарды шамадан тыс ойнайтын, режимі, тәртібі жоқ балалар, өкінішке орай, осыған бейім. Мұндай жағдайларда ата-аналардың балаларын, олардың қызығушылықтарын, компьютерде қанша уақыт отыратынын, қайда уақыт өткізетінін бақылауы керек », - деп кеңес береді маман.

Бұл - баланы өз дегенімен жіберіп алмау үшін маңызды. Мұндай жағдайда балаға кері әсер ететін факторларды алып тастаған дұрыс, баланы еңбекке баулып, оның не нәрсеге қызығатынын сұрап, мамандықтар әлімін көрсету керек.

Альмира Тұрсын мамандық таңдауда үйірмелердің көмегі қаншалықты деген сұраққа жауап берді. Ол үйірмелерді балалардың өздерін тануға үйрететін жаттықтырушыға теңеді.

«Жаттықтырушылар мотивация беріп, оған қажет ресурсты табуға көмектеседі. Егер бала қандай да бір үйірмеге 2-3 ай барып, оны тастап кеткен болса да, оның бәрібір пайдасы тиеді. Себебі сол аралықтағы уақытты ол өзін жеке дамытуға арнады», - деді коуч.

Альмира Тұрсын мамандық таңдау алдында тұрған мектеп түлектеріне барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, білім алып, даму керек деген тілек білдірді. Сонымен қатар, баға үшін емес, өзі үшін оқу керектігін айтты, білім әлемді тануға және өмірді жарқын, әрі қызықты етуге көмектеседі. Сөз соңында  маман жасөспірімдерге өз-өзін дамыту керек деген кеңес берді.