Бейжіңде өткен фотокөрмеде Қазақстан жетістігі көрсетілді

Бейжіңде өткен фотокөрмеде Қазақстан жетістігі көрсетілді
Сурет: 24.kz

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі көрме ұйымдастырды

Онда мемлекетіміздің қалыптасу мен нығаюы және экономикамыздың қарыштап даму кезеңі суреттелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Игі шараға мемлекеттік орган қызметкерлері мен БАҚ өкілдері, әдебиет қайраткерлер және шетелдік қонақтар қатысты. Келушілер егемен елдің тамыры тереңнен жайған тарихымен танысып қана қоймай, домбыра мен қобыз үнін тыңдап, құлақ құрышын қандырды. Фотокөрмеге Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мұрындық болды.

«30 жыл Тәуелсіздігінде Қазақстан зор жетістіктерге жетті. Бүгінгі көрмеде елдеріңіздің қалыптасуы мен дамуының жарқын көрінісін көрдік. Келер жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Мұндай шаралар екі ел ынтымақтастығын одан әрі нығайта түседі деген сенімдеміз», - дейді Қытайдың халықаралық алмасу жастар орталығы төрағасының орынбасары Чжан Хуа.