Қуат Хамитов ММА турнирінде жеңіліп қалды

Қуат Хамитов ММА турнирінде жеңіліп қалды
Cурет: Inform.kz

Айқас барысында екі боксшы кезек-кезек жеңіске жетіп отырды

Атырауда өткен турнирде қазақстандық MMA шебері Қуат Хамитов (23-7-2) жарақат алып, жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол грепплинг бойынша өзінің отандасы Нұрберген Шәріповпен (10-3) жекпе-жекке шықты. Айқас барысында екі боксшы кезек-кезек жеңіске жетіп отырды. Алайда Хамитов жарақат алғандықтан, үшінші раундта айқасты тоқтатуды сұрады.

Одан кейін «Найман» алаңға оралып, жекпе-жекті жалғастырып көрді. Бірақ жарақаты салдарынан сайысты тоқтатып, жеңілісті мойындауына тура келді.