Бес миллионнан астам қазақстандық КВИ-ға қарсы екпе алды

Бес миллионнан астам қазақстандық КВИ-ға қарсы екпе алды
Сурет: 24.kz.

Вакцина алған алматылықтардың саны 690 055 жетті.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мемлекет азаматтарының екпе алғаны жайындағы соңғы деректерді жариялап отыр, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің 27 шілде күнгі мәліметінше, елімізде екпенің II компонентін салдырғандар саны – 3 356 960 адамға жеткен.

Ал коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін 5 188266 адам салдырған.