«Сарыөзек – Көктал» автожолы уақытша жабылды

«Сарыөзек – Көктал» автожолы уақытша жабылды
Сурет: Baq.kz

Алматы облыстық ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды сұрайды.

«Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожолының 57 ш. - учаскесі 2022 жылғы 20 маусым күні сағат 11:30-ден бастап жабық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, жөндеу және жарылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты «Сарыөзек – Көктал» Республикалық маңызы бар автожолының 57 ш. - учаскесі 2022 жылғы 20 маусым күні сағат 11:30-ден бастап автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», делінген.

ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуыңызға болады.