Қазақстанның бір өңірі «сары» аймаққа оралды

Қазақстанның бір өңірі «сары» аймаққа оралды
Сурет: Orthochristian.com

«Сары» аймақта Түркістан облысы, қалған өңірлердің барлығы «қызыл» аймақта.

27 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

 «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. ⠀

 «Сары» аймақта: Түркістан облысы.