5G-ге қашан қолымыз жетеді?

5G-ге қашан қолымыз жетеді?
Сурет: Gov.kz

Бұл сұраққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек жауап берді.

5G желісімен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және барлық облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Биыл 5G радиожиіліктері бойынша аукцион өткізуді жоспарлап отырмыз. Республикалық маңызы бар үш қалада және барлық облыс орталықтарында аукцион өткіземіз. Операторлармен аукционға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, сипаттамалар мен міндеттемелер әзірленіп жатыр. Жақын арада келісім жүргізіліп, жұмысты бастаймыз», - деді Асхат Оразбек.

Ол төрт қалада - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістанда 5G пилоттық жұмысы басталғанын және жұмыс істеп тұрғанын айтты.

«5G енгізу трафикті тұтынудың күрт өсуіне, «Индустрия 4.0», IT, «смарт үйлер» дамуына әкелетінін түсінеміз. Әрине, бұл қажет тренд. Мұны операторлармен бірлесіп жасаймыз. Қалай жасау керек екенін білеміз. Менің ойымша, алдағы екі жылда еліміздің барлық аумағында халық 5G ілгерілегенін сезеді», - деп қосты вице-министр.