Бес күн ішінде үш рет телефон ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Бес күн ішінде үш рет телефон ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда телефон ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды


Алматыда телефон ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселе бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген 25 жастағы Н.есімді ер адам жайында.

«Бес күн ішінде жас жігіт үш рет ұялы телефон ұрлаған. Қаскөй көшелерде, адамдар көп жиналатын жерлерде, сауда орталықтарында жүрген. Оның іс-әрекеті бірнеше рет бейнекамераға түсті. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, ол ұрлықтың біреуін көшеде жасаған: жәбірленушінің қалтасынан IPhone 12 PRO маркалы ұялы телефонын ұрлаған. Тағы бір ұрлық СҮ жасалған: жігіт сөреден Huawei ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталған», – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, бірнеше қылмысқа қатыстылығын растады. Барлық фактілер бір өндіріске біріктірілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.