Жаяу жүріс пайдалы

Жаяу жүріс пайдалы
Сурет: Тostpost.com

Жаяу жүру де – өнер

Әлемге әйгілі Мұхамед Әли «Мені жолымда ұстайтын нәрсе – менің мақсаттарым» деп терең ой тастапты. Иә, расында солай. Бірақ мұның астары тым ерекше. Ал біздің бүгінгі ойымыз жаяу жүрудің пайдасы мен басқалай қырларына бағытталған. Кейбіріміз жорға, тағы біреулер баяу қимылдағанды ұнатады. Десе де, қайтіп жүрсеңіз де, бастысы мақсатпен қимылдаған абзалырақ сияқты.

Мақсатты жүріс. Бұл – өте мағыналы сөз. Астары бөлек, айтар ойы зор. Егер де әрбіріміз өз денсаулығымыздың жанашыры болсақ, осыған көбірек зейін қойғанымыз жөн. Мәселен, көлік, автобус, троллейбустан бір сәт бас тартыңыз. 2-3 шақырым жердегі жұмысқа жаяу қатынап көріңіз. Кем дегенде аптасына екі рет. Сонда буын, бел ауруы сынды нәрселер азаяр еді. Қатты да жүрмей, жай да аяңдамай, қысқасы, өзіңізге лайықты деңгейді ұстасаңыз болғаны. Қалғаны өзі-ақ қалыптасады.

Қорыту. Халқымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» депті. Әлгіден бері аталған пайымдауларды қорытсақ, осыған саяды. Сондықтан арасында жаяу жүріп, денені шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру абзалдық болар демекпіз.