Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Ақорда кz

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ал Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтінішіне сәйкес босатылды.