Бек Нұрмағанбет венесуэлалық боксшыны екінші раундта нокаутқа жіберді

Бек Нұрмағанбет венесуэлалық боксшыны екінші раундта нокаутқа жіберді
сурет:sports.kz

Бұл - Бектің кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісі.

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) Сапопандағы (Мексика) Сауль «Канело» Альварес пен Джон Райдер айқасының андеркардында кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрмағанбеттің қарсыласы – Венесуэла өкілі Архенис Эспанья (15-1, 14 КО). Олардың суперорта салмақтағы жекпе-жегі сегіз раундқа жоспарланған болатын, бірақ соңына жетпей, екінші үш минуттықтағы нокауттан кейін қазақстандық жеңімпаз атанды.

Осылайша, Бек кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетсе, Эспанья екінші рет жеңілді.