Байлар да жылайды

Байлар да жылайды
Сурет: интернеттен

Алматыдағы ең қымбат элиталық Esentai Сity тұрғын үй кешені электр қуатына белшеден қарыз болып оны төлемегені үшін жарықсыз қалды.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өтінімі бойынша Esentai Сity-де жарық өшірілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Тұрғын үй кешеніне ырғын қарызды өтеуге қосымша уақыт берілді, әйтсе де қарыз өтелмегендіктен, осындай әрекетке баруға мәжбүр болдық,-деп хабарлаған ҚазТАГ агенттігіне Алатау жарық компаниясынан.

Әдетте, қарапайым жұрт коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлейді, ал бай-бағландардыкі не әдет осы, коммуналдық төлемдерден де, салықтан да қашады. Төлесе, ойбайлатып барып төлейді. Сөйтіп жүріп, олар байымағанда, кім баиды?