Байденнің баласы не бүлдірді?

Байденнің  баласы не бүлдірді?
Сурет: интернеттен

АҚШ президентінің ұлы 17 жылға сотталуы мүмкін.

Сотқа тапсырылған айыптау актісіне сәйкес, жалпы Хантер Байденнің үстінен үш қылмыстық және салық төлемегені бойынша 6 әкімшілік іс қозғалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байденге әділет департаменті тағы да жаңа қылмыстық айыптар тақты.

Прокурорлар ақ үй басшысының баласы 1,4 млн доллар салықтан жалтарды деп мәлімдеді.

Қылмысы дәлелденсе, 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ.

Әділет басқармасы тергеу әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

"Айыпталушы 2016-2019 жылдары тапқан табысын жасырып, салық төлемеді, есесіне сән салтанатта өмір сүруге миллиондаған доллар жұмсады", - делінген актіде.