«Баум тоғайы» аумағына мыңдаған көшет отырғызылады

«Баум тоғайы» аумағына мыңдаған көшет отырғызылады
Сурет: ашық дереккөз

Алматыдағы «Баум тоғайында» 50 мыңнан аса ағаш пен бұта бар

Мамандардың айтуынша, орманды жасыл желектің 10% -на зақым келсе, 25%-ы қурап бара жатыр. 2021 жылдан бері экожүйені қалпына келтіру және тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында 4 институт зерттеу жүргізген. Нәтижесінде ғалымдар 3 мыңға жуық ағашты кесу туралы шешім қабылдаған.  Олардың орнына көшет отырғызылады. 1877 жылы құрылған тоғайдың жалпы аумағы - 140 гектар. Орманда 49 түрлі ағаш өседі. Оның 7-і қылқан жапырақты және 42-сі жұмсақ жапырақты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
"Негізі іріктеп санитарлық кесу деген бар. Олар әртүрлі ауруға ұшыраған ағаштар. Кеуіп кеткен құрғақ ағаштар. Ұшар бастары сынған ағаштар бар оның ішінде. Жартылай сынған. Солардың барлығы тазартылып алынып жатыр орнына. Жалпы парк аумағына 1100 алма ағашы егілді. Сиверс алмасы егілді. Ясеньнің 70 түрін ектік. Келесі жылы жопсар бойынша 1000-1500 ағаш ексек деп ойлап отырмыз сол тазартылған жерлерге", дейді «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі директорының орынбасары Ұзақ Жамбылұлы.