Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдайды – Сәкен Майғазиев

Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдайды – Сәкен Майғазиев
Cурет: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Республикалық референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдап жатыр. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» ансамблінің мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv–ге сілтеме жасап.

 «Мемлекет басшысының Республикалық референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдап жатыр. Бұл – бұқара мен биліктің байланысын, бірлігі мен берекесін білдірсе керек. Бір тудың астында баянды да, бақытты ғұмыр кешейік. Мереке құтты болсын!» – деді әнші.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт өтті.