Алматыда ғасыр жасаған қария өз таңдауын жасады

Алматыда ғасыр жасаған қария өз таңдауын жасады
almaty-akshamy.kz

ҚР ПДП Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында 100 жастағы Ізгілік Дабаев кезектен тыс Президент сайлауына дауыс берді. Ғасыр жасаған қария ем қабылдап жатса да, «бұл менің азаматтық борышымды көрсетуге кедергі емес», - дейді.
Ізгілік ата Мәскеуден Берлинге дейінгі соғысты бастан өткерген. Ол Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы, Климент Ворошилов, Георгий Маленков, Джавахарлал Неру секілді аты аңызға айналған тұлғалардың көзін көрген жан. КСРО Журналистер одағының мүшесі, өмір бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде наградалар бөлімін басқарған ол кезінде Леонид Брежневпен, Дінмұхамед Қонаевпен бірге қызмет еткен.