«Әркім өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатыр»

«Әркім өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатыр»
almaty-akshamy.kz

Алматыда «Дауыс International» тобының экс-солисі Рано Омарова өз таңдауын жасады

Рано Омарова Достық даңғылы бойындағы №17 жалпы білім беретін мектептің учаскесінде дауыс берді. Әнші сайлау учаскесінің жұмысы мен жастардың белсенділігін ерекше атады. 

«Меніңше, азаматтық жауапкершілік артып келеді, бұған сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың көптігі дәлел», - дейді әнші. 

Рано сайлау комиссиясына жұмысты ұйымдастырудағы нақтылық пен қызметкерлердің ізгі ниеті үшін алғысын білдірді. 

«Кезек жоқ, бәрі түсінікті, әркім өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатыр», – деп сөзін түйіндеді әнші.