Баспанамен қамту қарқыны өсуде

Баспанамен қамту қарқыны өсуде
Сурет: ашық дереккөз

Қаңтар мен ақпанда 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметі бойынша қаңтар мен ақпанда 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% ұлғайды. Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарында байқалды», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қаңтар-ақпанда 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2% жоғары.

«Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалды», - деді ол.