Үкіметте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері талқыланды

Үкіметте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері  талқыланды
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Реформалау аясында ҚДБ еліміз үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр.

«ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов.