Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне жолдама алды

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне жолдама алды
Сурет: Elorda.info

Баскетболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Самарқан (Өзбекстан) қаласында өткен CABA іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия кубогіне жолдама алды

Қазақстан жасөспірімдері әуелі Қырғызстан құрамасын 97-42 есебімен жеңсе, шешуші ойында Өзбекстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерінен 91-47 (32-13, 20-16, 24-8, 15-10) есебімен басым түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан U16 құрамасы CABA аймағына берілген жалғыз жолдамаға ие болды. Азия кубогінің финалдық кезеңі 17-24 қыркүйек аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді. 

Турнир нәтижелері:

1-орын: Қазақстан U 16

2-орын: Өзбекстан U 16

3-орын: Қырғызстан U 16

Сондай-ақ жеңімпаз командалар арасынан үздік ойыншылар анықталды:

Әлішер Мұратұлы - Қазақстан U 16

Амир Рустамов - Қырғызстан U 16

Гулбани Зураб – Өзбекстан U 16