Баскетболдан Алматы қыздар құрамасы ҚР чемпионы атанды

Баскетболдан Алматы қыздар құрамасы ҚР чемпионы атанды
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Балалар чемпионаты тарихында алғаш рет Алматының қыздар құрама командасы жеңімпаз атанды.

Алматы қаласы қыздарының «Tomiris Junior» құрама командасы 2010-2012 жылы туған ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды. «Tomiris Junior» қалалық «Tomiris» кәсіпқой әйелдер командасының жасөспірімдер тобы6 деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Чемпионатқа 11 ер балалар мен 10 қыздар құрама командасы қатысты, оның ішінде 4 алматылық команда: «Дай Мяч!», «Алматы легионы», «NGS» және «Tomiris Junior» Алматы қаласының қыздар құрама командасы.