Қажылық сапарға барғандар саны биыл рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін

Қажылық сапарға барғандар саны биыл рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін
Сурет: Qazaly.kz

Сауд Арабиясы қажылыққа сапарлаушыларды қарсы алып жатыр.

Биыл Меккеге сапар пандемиядан бері алғаш рет санитарлық шектеусіз өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Euronews.com сайтының хабарлауынша, Корольдік билігі биыл қажылыққа келушілер саны бұрын-соңды тарихта болмаған көрсеткішке жетуі мүмкін деп санайды. Өйткені осы уақытқа дейін екі миллионға жуық адам келіп үлгерген, енді кем дегенде екі жарым миллион адам келеді деп күтеді.

Биылғы жылы Ресей мұсылмандары үшін қажылық квотасы 25 мың адамды құрады.

Келушілер санының артуына байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтуге тырысып жатыр. Елдегі аптап ыстық біршама қиындықтар туғызуы мүмкін. Қазірдің өзінде Мекке аймағында күндізгі температура 46°-қа жетеді.