Балаларды оңалту орталығы 2025 жылы дайын болады

Балаларды оңалту орталығы 2025 жылы дайын болады
Сурет: интернеттен

Бұған қоса №1 перзентхананың жаңа корпусын салу жоспарланған.

Бүгін бұл туралы аудан халқымен кездескен шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Биыл Абай даңғылы – Масанчи көшесінің қиылысындағы ғимаратты Қалалық балаларды оңалту орталығына қайта жаңартуды (сараптаманың шығуы - 2024 жылғы 2-тоқсан, ҚМЖ басталуы - 2024 жылғы 3-тоқсан, аяқталуы - 2025 жылғы 2-тоқсан) және Әйтеке би көшесі бойынша 500 келушіге арналған жаңа емхана салуды (сараптаманың шығуы - 2024 жылғы 3-тоқсан, ҚМЖ басталуы - 2024 жылғы 4-тоқсан, аяқталуы - 2025 жылғы 4-тоқсан) бастаймыз», деді қала әкімі.

Қазіргі заманға сай жабдықталған  №1 перзентхананың жаңа корпусын салу жоспарлануда (сараптаманың шығуы - 2024 жылғы 3-тоқсан, ҚМЖ басталуы - 2024 жылғы  4-тоқсан, аяқталуы - 2025 жылдың соңы).

Сонымен қатар №3 емхана ғимаратын (ЖСҚ бар, ҚМЖ басталуы - 2024 жылғы 1-тоқсан, а.ж. желтоқсанда аяқталады) және Қалалық адам репродукциясы орталығы ғимаратын (ЖСҚ бар, ҚМЖ басталуы - 2024 жылғы 1-тоқсан, биыл шілдеде аяқталады) күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Психикалық дамуы тежелген балаларды сауықтырудың маңызды объектісі Райымбек даңғылы, 312 мекенжайы бойынша бассейні бар жаңа спорт орталығы болады, оның құрылысы 2024 жылғы 2-тоқсанда басталады (сараптаманың шығуы - 2024 жылғы 1-тоқсан, ҚМЖ басталуы - 2024 жылғы 2-тоқсан, аяқталуы - 2025 жылғы 3-тоқсан).