«Балалар әдебиетінің бағбаны» - Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына зерттеу қажет

«Балалар әдебиетінің бағбаны» - Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына зерттеу қажет
Сурет: 24.kz

Әдебиеттегі шындығы үшін кеңестік саясаттың сынына ұшыраған қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы әлі зерттелмей келеді.

Бұл туралы Алматыда өткен «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты кеште жазушы Марат Тоқашбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Публицистің пікірінше Соқпақбаев туындыларындағы кейіпкерлердің болмысы мен диалогтары, астарлы ойлары кеңестік кезеңдегі жауаптылардың шымбайына тиген. Қаламгер 1924 жылы 15 қазанда Нарынқол ауданының Қостөбе ауылында дүниеге келген. Сапарғали Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында өткен кеш үлкен тойдың бастауы ғана. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «16 жасар чемпион», «Өлгендер қайтып келмейді» сынды сүбелі шығармалары оқырман үшін үлкен тәрбие мектебіне айналды.

«Соны қайтыс болардың алдында Мемлекеттік сыйлықтың берілмеуінің өзі де іс жүзінде оны мойындағысы келмеу. Бірақ шын мәнінде уақыт, өткен заман, оның барлығы Бердібектің шығармашылық биіктігін, оның шын мәнінде классикалық жазушы екендігін уақыт дәлелдеп отыр. Оның бағасын алдағы уақытта да беріледі, деп ойлаймыз», - деді журналист-жазушы Марат Тоқашбаев.