Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды

Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Сурет: Gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.