БАҚ үгіт-насихат материалының ақысын, шарты мен тәртібін 16 қазанға дейін жариялауы тиіс

БАҚ үгіт-насихат материалының ақысын, шарты мен тәртібін 16 қазанға дейін жариялауы тиіс
Сурет: Euroradio.fm

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарына Президенттікке кандидатқа эфир уақытын және баспасөз бетінен орын беру туралы ақпараттық хабарлама жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес, президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары 16 қазаннан кешіктірмей эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауы, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 112-бабы 5-бөлігіне сәйкес қаралған жауапкершілікті те еске салады. Атап айтқанда, эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы лауазымды адамдарға 30, заңды тұлғаларға 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.