Грекияда Санта Клаустар жүгіруден жарысты

Грекияда Санта Клаустар жүгіруден жарысты Cурет: 24.kz

Қайырымдылық марафоны


Афина қаласында Санта Клаустар марафоны өтті. Шараға жүздеген адам қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.


Дәстүрге айналған жетінші қайырымдылық марафонында қатысушылар, екі шақырым қашықтықты артта қалдырып, Олимпиада спорттық кешенінің ғимаратын айналып өтуге тиіс.  


Ереже бойынша марафонға атсалысқан әр адам 12 еуро жарна төлейді.  Биыл іс-шарадан түскен қаржы, ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалатын болады. 


Айта кетейік, Грекияда санта-клаустардың алғашқы марафоны, 2019 жылы ұйымдастырылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09