Референдумда халық өз таңдауын жасады - Ермахан Ибраимов

Референдумда халық өз таңдауын жасады - Ермахан Ибраимов
Cурет: Ашық дереккөз

Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін өзгерісті күтіп жүргенін анық білдіріп жатыр. 

Бұл туралы  «AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өткізілген референдум нәтижесіне орай Қазақстан халқына үндеу жасады. Тәуелсіз Қазақ елінің тарихында Атазаңға өзгерістермен толықтырулар енгізу бойынша екінші рет бүкілхалықтық референдум 05-маусымда өтті. 

Референдумда халық өз таңдауын жасады. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін өзгерісті күтіп жүргенін анық білдіріп жатыр. 

Мемлекет басшысының кешегі жолдауында алдымызда қандай ауқымды жұмыстар тұрғанын анық байқауға болады. Референдум-бұл бастамасы ғана. Парламент тарапынан ондаған Конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және бірнеше жаңа заңдарды қабылдау қажеттілігі туындап тұр. 

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық мәслихат депутаты ретінде қала бойынша ондаған кездесулер өткізіп, референдумның маңыздылығы туралы халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. 

Қарапайым халық тарапынан тек қана референдумға байланысты емес, сонымен қатар толғандырған сұрақтарын қойып орындалуын талап етіп жатыр. Мемлекет басшымыздың бастамасы жаман емес. 

Елімізідің болашағы үшін деп еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі екеніне көзіміз жетіп отыр. Олай болса барлығымыз бірлікті ту етіп жұмыс жасайық. Жеңісті күндерде жолыққанша.