Б. Сағынтаев: КВИ-дің жаңа штамдарына тек вакцина алу арқылы қарсы тұруға болады

Б. Сағынтаев: КВИ-дің жаңа штамдарына тек вакцина алу арқылы қарсы тұруға болады
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде мегаполис тұрғындарының коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу шаралары және вакциналану қарқыны туралы айтты.


25 маусымдағы ахуал бойынша Алматыда 54 мың жағдай тіркелді. Айдың басынан бері сырқаттану деңгейі 3,5 есе азайды. Ағымдағы жылдың маусым айының қазіргі кезеңінде 9900 жағдай тіркелсе, мамыр айының дәл осы кезеңінде тіркелгені - 2900 жағдай. 

Соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 110 жағдайы тіркелді, тәуліктік өсімі 0,1 процентке дейін төмендеді. Инфекциялық стационарларда 591 пациент ем қабылдауда.

Алайда, соңғы екі аптада жұқтырудың өсуі байқалады - бетперделік және қашықтық режимдеріне халықтың енжар қарауы салдарынан R саны 0,7-ден 1 126-ға дейін өсті.

21 маусымда Алматы 10 күн жасыл алаңда болғаннан кейін «сары» аймаққа оралды. COVID-19 ауруының жоғарлауының басты себебі мутацияланған штамдардың айналымының жалғасуына және жаңа, аса агрессивті «Дельта» штамының пайда болуына байланысты, инфекцияның жоғары деңгейі және инфекцияның тез таралуы.

Сонымен қатар, профилактикалық шаралар мен шектеулердің жеткіліксіз сақталуы салдарынан инфекциялардың өсуі байқалады: сауда объектілерінде - 28%, базарларда - 12%, қоғамдық көліктерде - 18%, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында - мейрамханалар, кафелер, түнгі клубтар, караокеде - 7%.

Вирустық фонды анықтау мақсатында 12-23 маусым аралығында Алматыда мутацияланған штаммдардың «нүктелік» ПТР скринингі жүргізілді. Бұл техниканың дәлдігі 99% құрайды. Зерттеуге жеткізілген 97 үлгінің ішінен 63 үлгідегі шифрлар шешілді. Осылайша, 41 сынамада (65%) британдық штамм анықталды, 11 (17,5%) - үнді, 2 (3,2%) - оңтүстік африкалық, 1 (1,6%) - Нью-Йорк, 8 (12,7%) – қоздырғыш анықталмады.

КВИ науқастарының жас құрамын талдау көрсеткендей, 20-39 жас аралығындағы жастардың сырқаттану деңгейі 33%-дан 38%-ға дейін өсуде, бұл осы контингент арасында ерікті вакциналанудың белсенділігінің төмен екенін көрсетеді.
15-19 жас аралығындағы ауру жұқтырған жасөспірімдердің үлесі 4,2-ден 5,4-ке дейін өсті (1,2%). 40 және одан жоғары жастағы азаматтар арасында жұқтырғандардың үлесінің 2,3%-дан 1,4%-ға дейін төмендеуі вакцинацияның негізгі құрамы осы вакциналанудың тиімділігін көрсетті.

Бүгінгі күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында тұрғындарды вакциналану қарқыны күшейтілді, нәтижесінде иммундық қабат 34-ті құрайды (вакцинацияның толық курсын алған адамдардың 24%-ы +10%) қалпына келтірілді).

Сонымен қатар, мегаполис аумағына инфекция әкелу жағдайларын анықтау және алдын-алу алгоритмін сақтауға және қалада «Дельта» штаммының айналымына байланысты қаланың халықаралық әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау күшейтілді. 

Ashyq жобасын іске асыру және жобаға қатысушылардың талаптарды сақтауын одан әрі бақылау бойынша жұмыстар жалғасуда. Ashyq жобасында 2030 қатысушы өз қызметін жүзеге асырады, ал 117 - тестілік режимде. Кіре берістегі сканерлеу нәтижесінде 650 тұрғын үшін қызыл, 168 тұрғын үшін сары мәртебе расталды, оларға объектілерге кіруге тыйым салынды.
Мониторингтік топтардың белсенді жұмысы жалғасуда, 2856 рейд жүргізілді, 26938 объект қамтылды, карантиндік шараларды бұзған 2410 (9%) объект анықталды. 332 млн теңге сомасына 4548 айыппұл салынды, оның 434 заңды және 4114 жеке тұлғаларға. Тұрақты бұзушыларға қарсы сот органдарына 75 материал ұсынылды, 38 объектінің қызметі тоқтатылды.

25 маусымдағы жағдай бойынша, 402 978 адамға вакцина егілді. Өткен тәулікте 9 449 адамға вакцина егілді. Вакцина егілгендердің жалпы санынан 59 590 адам 60 жастан асқан.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорт нысандарында, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарында 208 вакциналау пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту екпе бригадасы жұмылдырылды.