АҚШ-та ковидті анықтайтын тест тапшылығы білініп жатыр

АҚШ-та ковидті анықтайтын тест тапшылығы білініп жатыр
Сурет: Gazeta.ru

Соңғы уақыттары сынама тапсырушылар саны күрт артқан көрінеді

Бұған халықтың коронавирус індетін анықтау үшін жиі тексеріле бастауы себеп болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Елдің көптеген ірі шаһарларында тест тапсыруға келген халық ұзын-сонар кезекте тұр. Вирустың "омикрон" штамының кең етек жаюы да жағдайды ушықтырып жіберді.

Жуырда Байден әкімшілігі қосымша тестке тапсырыс беріп, 10 мың тест тапсыру орталығын ашу туралы бұйрық берді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы 7 күнде елде тіркелген науқастардың саны бірнеше есеге артып кетті. Ал желтоқсан айынан бері 83 пайызға өскен.