Қандай жағдайда қайтадан екпе алу қажет?

Қандай жағдайда қайтадан екпе алу қажет?
Сурет: Ratel.kz

ДДҰ кеңесшісі, вирусолог Константин  Чумаков осы сұраққа жауап берді.

Вашингтон университеті профессорының айтуынша, антиденелер көрсеткішінің төмен болуы қайтадан екпе алу керектігін білдіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru cайтына сілтеме жасап.               

 «Егер сіз антиденелерді өлшесеңіз және олар мүлде жоқ болса, немесе төмен түсіп кетсе, бұл алаңдатарлық жағдай, мұндай кезде қайтадан екпе салдыруға асығыңыз», - деді Чумаков.

Вирусолог егер ревакцинация кезінде антиденелер жоғары деңгейде болса, онда препараттың басқа дозасы антиденелердің мөлшерін көбейтетінін атап өтті. Чумаковтың айтуынша, қосымша антиденелер коронавирустың әр түрлі нұсқаларынан қорғай алады. Оның үстіне алғашқы вакцинацияның өзі ауыр сырқаттану мен ауруханаға жату қаупінен сақтайды.