70 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

70 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
сурет: kt.kz

Еліміз бойынша 1 765 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

 Өткен тәулікте елімізде 70 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ДСМ телеграм каналына сілтеме жасап.

21 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 765 адам коронавирус инфекциясынан (–1 595+ және 170 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.